Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды “Адырна”.
Жартылай финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 12-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерді жеңді.
Кездесудің алғашқы сәтінде теннисшілер әуелде тең дәрежеде өнер көрсетіп, есеп 2:2 болды. Алайда кейін Рыбакина басымдықты өз қолына алып, партияны 6:3 есебімен аяқтады.
Екінші сетте қазақстандық спортшы Рыбакина 5:3 есебімен алда тұрғанымен, қарсыласы есепті 5:5-ке теңестірді. Дегенмен Рыбакина соңғы екі ойында қатарынан ұтып, матчты 6:3, 7:5 есебімен жеңіспен аяқтады.
Финалда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Ол жартылай финалда чехиялық Мария Боузкованы жеңген. Финалдық матч 25 қазанда өтеді.
Тайванды Қытайдан біреу бөліп алмақ болса, Қытай әскері бір секундқа да тартынбайды - Қытай Қорғаныс министрі
