Песков Украинасыз бейбіт келісім жасалмайтынын айтты – БАҚ

147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/c86rkeZKjqlIbbCaIiLILbBet3FCqXWiWsroZ769.jpg

Киевтің қатысуынсыз түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ASTRA-ға сілтеме жасап.

Ол Ресейдің Украинадағы соғысты тоқтату мәселесінде АҚШ-тың делдалдық күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өткен. Алайда Киев өкілдерінің қатысуынсыз келісімге келу мүмкін емес екенін жеткізген.

«Жанжалды реттеу мәселесіне келсек, америкалық тараптың делдалдық және бітімгерлік күш-жігерін жалғастырып жатқанын білесіздер. Біз оны жоғары бағалаймыз. Дегенмен, Киев атынан жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын өкілдердің қатысуынсыз түпкілікті реттеу мүмкін емес екені даусыз», – деді Песков.

Баспасөз хатшысы келіссөздерде Украинаның атынан нақты кім өкілдік ететінін ашып айтпаған.

Пікірлер