«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен болды. Әңгіме барысында шаһардың дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Қала басшысы Тараздағы жол жөндеу жұмыстары, көшелерді асфальттау, көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар аудан әкімдерінің жұмыс жүйесі, көшелердің бойына ағаш егу, қоғамдық көлік қозғалысын жақсарту және жаңа мөлтек аудандарды дамыту мәселелері қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
