«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты «Әдемі-ай» компаниясының директоры Бахаргүл Төлегенмен өрбіді.
Сұхбат барысында қазақтың ұлттық әшекейлері, қыз ұзату дәстүрі мен бас киім мәдениеті сөз болды. Сонымен қатар ұлттық ою-өрнектерді дұрыс қолдану, сәукеленің қадір-қасиеті және қазақ қыздарының дәстүрлі киім үлгілері талқыланды.
Бахаргүл Төлеген ұлттық бұйымдардың ерекшелігіне тоқталып, сәукеленің мәні мен оның қалыңдық өміріндегі орнын түсіндірді. Сондай-ақ қазақтың дәстүрлі киім үлгілеріне қатысты қоғамда қалыптасқан кейбір түсініктер жөнінде пікір білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
