Қазақ қыз баланы түс ауғанша ұзатқан. Оның өзіндік терең мағынасы бар. Соңғы жылдары түнгі 12-де мейрамханадан шығарып жіберетін әдет пайда болды, мүмкін уақытты үнемдеудің шарасы болар.
Біздің өңірде той өткен соң ертеңіне арнайы қой сойып, қыз бен күйеуге, құдаларға қонақасы беріледі. "Қыз - қонақ" деген сөз осы дәстүрге қатысты да айтылған болуы керек.
Әкесінің босағасынан алғаш рет қонақ ретінде арнайы қонақасын жеп, өз жұртына аттанады. Маңдайы ашық болсын деп, таң нұрына, күн сәулесіне бөленіп, ел-жұртының батасын алып өз босағасынан шығады. Жеңгелері құдалардың көрімдігін алып, қыз жасауын көшке тиейді.
"Құда тартар" салтын жасап, әзіл - қалжыңмен, ақ батамен, сән - салтанатымен қызды шығарып салады.
Ұқсас жаңалықтар
