Дипломаттар басқаратын қор. «Отандастарға» жаңа басшы тағайындалды

139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A2tZLHRHuUql48ba8QjGEd7asVVltH7mOEV9JIH0.jpg

Фото: gov.kz

Дәуренбек Ырысқали «Отандастар» қорының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Дәуренбек Ырысқали Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген.

Ырысқали Дәуренбек – "Отандастар" қоры құрылғалы бері тағайындалған төртінші президент. Қордың тұңғыш президенті Нұртай Әбіқаев болса, кейін Абзал Сапарбекұлы қорға екі жыл жетекшілік етті. Данияр Қадыров та екі жылдан астам уақыт "Отандастар" қорының президенті болды. 

Дипломатиялық жолын 1993 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының референті болып бастаған.

Әр жылдары ҚР СІМ орталық аппаратында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Германия мен Швейцариядағы дипломатиялық өкілдіктерінде басшылық қызметтерде болды.

2020–2021 жылдары Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) Бас консулы қызметін атқарды.

2021–2024 жылдары Қазақстан Республикасының Федеративтік Германия Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесші-эмиссары болды.

«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті болып тағайындалғанға дейін, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

«Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Шапағат» және «ҚР сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.

ІІ класты Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Неміс тілін еркін меңгерген.

Пікірлер