Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс. Бірінші орынбасар кім?

107
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TF9IRcoFJnu6mrIGtWh8J4IDkBB9Si2Q6j8kmqOi.webp

Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымда Сұлтан Қамалетдинов қызмет атқарған. Ол 17 қаңтар күні өз міндетінен босатылды.

Қаныш Әбубәкіров 1977 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келген. Ол ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. Әскери қызметін десанттық-шабуылдау батальоны барлау ротасы командирінен бастап, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығына дейінгі лауазымдарда өтті.

Сонымен қатар Қаныш Әбубәкіров Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметтерін атқарған.

Ол II дәрежелі "Айбын", II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Пікірлер