Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді. Бұл туралы 4 қазанда министрліктің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тексеру барысында генерал-майор Айдос Мырзахметов әскери бөлімдегі қызметтің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметкерлердің орналасу және тұрмыс жағдайын бағалаған. Әсіресе казармалардың жай-күйі мен бөлім инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударылған.
Сондай-ақ әскери қызметкерлердің күнделікті қызмет өткеруіне жасалған жағдайлар, тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелері және әскери нысандардың техникалық жағдайы зерделенген.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, әскери инфрақұрылымды одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілген.
Еске салайық, Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі қызметіне 27 қыркүйекте тағайындалған еді.
