Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды "Адырна".
«Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Жеңісұлы Жұмакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Ол 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қ. 1970 жылғы 6 наурызда әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.
Алмаз Жұмакеев офицерлік қызметін 1992 жылдың маусым айында ҚР ҚК 35-жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында парашютті-десанттық взвод қолбасшысы болып бастады.
1992 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Тәжікстанда Ресей Федерациясы Шекара әскерлерінің Пандж шекара жасағының жауапты аймағында ТМД-ның Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты.
- 1992 ж. қараша – 1993 ж. қараша – Қапшағай қаласындағы 35-бригада 2-десанттық-шабуылдаушы батальонының барлау взводы қолбасшысы болды.
- 1993 ж. қараша – 1994 ж. қазан – 35-бригада 2-десанттық-шабуылдаушы батальонының штаб ротасы қолбасшысы лауазымында қызмет етті.
- 1994 ж. қазан – 1995 ж. маусым – 35-бригада 2-десанттық-шабуылдаушы батальон қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1995 ж. маусым – 1997 ж. ақпан – 35-бригаданың 2-десанттық-шабуылдаушы батальон (автомобильдерде) қолбасшысы міндетін атқарды.
- 1997 ж. ақпан – 1998 ж. мамыр – 35-бригада 1-десанттық-шабуылдаушы батальон (БТР-80 бойынша) қолбасшысы болды.
- 1998 ж. мамыр – 1998 ж. тамыз – 35-бригада (қайта құрылғаннан кейін) 351-жеке десанттық-шабуылдаушы батальон (автомобильдерде) қолбасшысы лауазымында қызмет етті.
- 1998 ж. тамыз – 2001 ж. маусым – ҚР ҚК Әскери академиясының сырттай оқу бөлімінің тыңдаушысы болды.
- 1998 ж. тамыз – 2001 ж. тамыз – 35-бригада 353-жеке десанттық-шабуылдаушы батальон (автомобильдерде) қолбасшысы болып жұмыс істеді.
- 2001 ж. тамыз – 2003 ж. қазан – штаб басшысы – 35-бригада қолбасшысының орынбасары міндетін атқарды.
- 2003 ж. қазан – 2009 ж. қыркүйек – Талдықорған қаласындағы 37-жеке десанттық-шабуылдаушы бригада қолбасшысы. 517-мотоатқыштар полкінің 68-мотоатқыштар дивизиясын 37-бригада болып қайта құрылуына тікелей басшылық жасады.
- 2009 ж. қыркүйек – 2010 ж. сәуір – ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитетінің Жауынгерлік дайындық пен әскер қызметі департаменті басшысы болды.
- 2010 ж. сәуір – 2010 ж. қыркүйек – «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасы қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы басқармасы Әскер қолбасшылығы басқармасының штаб басшысы лауазымында қызмет етті.
- 2010 ж. қыркүйек – 2011 ж. мамыр – ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары – Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі бас басқармасы басшысы болып жұмыс істеді.
- 2011 ж. мамыр – 2015 ж. қазан – Астана қаласындағы Аэроұтқыр әскерлерінің 36-жеке десанттық-шабуылдаушы бригада қолбасшысы міндетін атқарды.
- 2011 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының президенті Алмаз Жеңісұлына генерал-майор әскери атағын берді.
- 2015 жылы 15 қазанда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
- 2018 жылы 18 сәуірде мемлекет басшысының өкімімен Жұмакеев Алмаз Жеңісұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
- 2018 ж. сәуір – 2018 ж. желтоқсан – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық бас басқармасы басшысы болды.
- 2018 ж. желтоқсан – 2019 ж. шілде – ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті басшысы лауазымында қызмет етті.
- 2019 ж. шілде – 2021 ж. маусым – Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб академиясы факультетінің тыңдаушысы.
- 2021 ж. маусым – 2022 ж. наурыз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық бас басқармасы басшысы болып жұмыс істеді.
- 2022 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы болды.
«Қытайдың аймақтағы сауда-саттығы мен салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі»
