Бишімбаевтың қорғаушысы сотта жалған дерек ұсынғаны үшін ескерту алды

1712
Adyrna.kz Telegram

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтіргені үшін айыпталып жатқан Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы сотты және процеске қатысушыларды шатастырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Сот қорғаушыларға, қорғаушы тарапқа ескерту жасайды. Сіз бұл қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынған фотосуреттер екенін көрсете отырып, сотты және процеске қатысушыларды шатасытырп отырсыз, бірақ іс жүзінде сіз басқа фотосуреттерді бересіз. Осы себепті фотосуреттерді жинап, диаграммаға жүгіне аласыз және біз сотталушыдан жауап алуды жалғастырамыз. Ал сотты қиындатқаныңыз үшін сот іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде тиісті шараларды қабылдайды», - деді судья Айжан Құлбаева сәрсенбі күнгі сот отырысында.

Анықталғандай, Бишімбаевтың адвокаттары сот процесінде пайдаланған фотосуреттер 2024 жылдың 28 наурызында, оқиғаның өзі 2023 жылдың 9 қарашасында болған.

Пікірлер