Starship Жерді алты айналып, 26 спутникті орбитаға шығарады

332
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ue8jKJfcGVi3wGNjdxINVu2aLCX5OsGs5CXOT2Mr.jpg

Ғарышкерлерді Ай мен Марсқа жеткізуге арналған Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте Жерді толық айналып өтетін алғашқы сынақтық орбиталық ұшуын бастады. Ұшырылымның тікелей көрсетілімін әзірлеуші SpaceX компаниясы жүргізуде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Caliber.Az-ға сілтеме жасап.

Starship кемесі Super Heavy зымыран-тасығышының көмегімен Техас штатының оңтүстік-шығысындағы Бока-Чика елді мекенінде орналасқан SpaceX Starbase ғарыш айлағынан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:48-де ұшырылған.

Кеме Жерден шамамен 275 шақырым биіктікке көтеріліп, планетаны алты рет айналып өтеді. Ұшу барысында ол орбитаға 26 Starlink интернет-спутнигін шығарады.

Ұшудың жалпы ұзақтығы шамамен 10 сағатқа созылады. Орбитадан шыққаннан кейін кеме Чилидің батыс жағалауына жақын Тынық мұхитына жұмсақ қонуы тиіс.

Ал Super Heavy зымыран-тасығышы кемені ұшырған соң Америка шығанағына қонады.

«Алдағы ұшу Starship кемесінің Жер маңындағы орбитаға алғаш рет шығуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұған дейінгі барлық сынақ суборбиталық траекториялар бойынша жүргізілді. Орбитаға шығу Starship жобасының келесі кезеңіне жол ашады. Бұл – кемені толыққанды әрі жылдам қайта пайдалануға мүмкіндік беретін жүйені әзірлеу»,– деді компания.

Пікірлер