Алматыда жер сілкінді

236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Mh4CYUo53kkJJ0L4KsdL3WfTaQ0umhNPygYcKcfc.jpg

Бүгін, 28 қыркүйекте Алматы қаласында жер сілкінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сезілетін жер сілкінісі тіркелді. Сейсмология мамандарымен жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығы анықталуда. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер. Жағдай бақылауда»,– делінген хабарламада.

Пікірлер