Шымкенттегі қонақүй кешендерінің бірінде полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Бұл туралы ІІМ жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сәйкес, ұсталған С. есімді азаматтың асаба болып жұмыс істейтіні анықталды. Тінту кезінде қонақүй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Күдіктінің айтуынша, тәркіленген заттар мефедрон және көкнәр болған. Ол оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын түсіндірді.
Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.
Қазір сараптама жүргізіліп, заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Неделя «Өнегелі ұрпақ» в Шымкенте в рамках акции «Таза Қазақстан» началась с посещения 100-летнего ветерана
