Иран билігі қымбатшылық үшін халықтан кешірім сұрады

139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GOacEtAz1P5mjjw6sfEHeAZd7k59YzLXy0driBwM.jpg

Иран вице-президенті Мұхаммадреза Ариф елдегі бағаның өсуі мен инфляцияға байланысты халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мұхаммадреза Арифтің айтуынша, қазір Ирандағы негізгі мәселелердің бірі – инфляция. Оның пікірінше, жағдайды тұрақтандыру үшін бірнеше басшының жеке шешімі жеткіліксіз. Бұл бағытта мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің ортақ ұстанымын қалыптастыру қажет.

Вице-президент табысының негізгі көзі жалақы болып табылатын азаматтардың жағдайына да тоқталды. Оның айтуынша, инфляция жоғары болған жағдайда жалақыны 5 немесе 20 пайызға көтеру халықтың нақты шығынын толық өтеуге мүмкіндік бермейді.

Мұхаммадреза Ариф азаматтардың кірісі мен шығыны арасындағы алшақтыққа байланысты билік атынан кешірім сұраған.

Сондай-ақ ол қалыптасқан жағдайда қарыз жүктемесін болашақ ұрпаққа қалдыруға және елдің табиғи ресурстарының сарқылуына жол беруге болмайтынын айтты.

Пікірлер