Трамп бірнеше тілшіге Ақ үйге кіруге тыйым салды

151
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп CNN, MS NOW және Politico ақпарат құралдарының журналистеріне Ақ үйге кіруге тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы ол 18 қыркүйекте Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

DW мәліметінше, Трамп аталған ақпарат құралдарын «жалған жаңалықтар таратты» деп айыптап, олардың президент пен АҚШ әкімшілігінің қызметін жариялау кезінде «ойдан шығарылған ақпарат пен өтірік» тарататынын жазған. Сонымен қатар ол басқа да ақпарат құралдарына қатысты осындай шара қолданылуы мүмкін екенін айтты.

Ақ үйдің бұл шешімі CNN, MS NOW және Politico журналистерінің брифингтер мен президенттің қатысуымен өтетін кейбір іс-шараларға қатысуына әсер етеді.

CNN бұл шешімді баспасөз бостандығына жасалған заңсыз әрекет деп бағалап, оған қарсы шығатынын жазды. Ал Politico редакциясы қазіргі және болашақ әкімшіліктердің қызметін объективті түрде жариялауды жалғастыратынын және журналистердің Конституцияда бекітілген құқықтарын қорғауға ниетті екенін хабарлады.

Айта кетейік, АҚШ президенті Трамптың бұған дейін де бірқатар ақпарат құралдарының Ақ үйдегі іс-шараларға қатысуына шектеу қойғаны белгілі. 2025 жылы оның әкімшілігі Associated Press агенттігінің кейбір іс-шараларға қатысуына шектеу енгізген. Бұған агенттіктің Мексика шығанағын «Америка шығанағы» деп атау туралы президент талабын орындамауы себеп болған.

АҚШ-тағы баспасөз ұйымдары мен құқық қорғаушылар қазіргі шешімнің Конституциядағы сөз және баспасөз бостандығына қатысты нормаларға сәйкестігіне күмән келтіріп отыр. Мәселе сотта қаралуы мүмкін.

Пікірлер