Қазақстанда бірыңғай жанар-жағармай нарығын іске қосу тағы кейінге шегерілді

66
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vac1A5MttiMqUiwWuxqqQdxTNWP48g1Fdflo6VrA.webp

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай жанар-жағармай нарығын іске қосу мерзімі 2030 жылға шегерілді, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Қазақстан ұлттық экономика министрлігі әзірлеген салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасында көрсетілген.

Құжаттағы мұнай өнімдеріне қатысты бірнеше баптың түсіндірмесінде ЕАЭО-ның бірыңғай нарығын іске қосу 2030 жылға ауыстырылғаны жазылған.

Қазақстан энергетика министрлігі мерзімнің өзгергенін растады. Ведомствоның мәліметінше, жаңа мерзім Қазақстан Республикасында 2027–2031 жылдары бәсекелестікті қорғау және дамыту тұжырымдамасының жобасында көрсетілген. Бұл шешім ЕАЭО деңгейінде қабылданған.

Бұған дейін бірыңғай отын нарығын іске қосу бірнеше рет кейінге шегерілген. Алғашқы жоспар бойынша Қазақстан мен Ресейдегі бензин мен дизель отынының бағасын бір деңгейге келтіру көзделген.

Кейін нарықты біріктіру мерзімі 2025 жылға белгіленген. Одан соң бірыңғай нарықты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу жоспарланған еді.

Енді ЕАЭО-ның бірыңғай жанар-жағармай нарығын іске қосу мерзімі тағы да өзгеріп, 2030 жылға ауыстырылды.

Пікірлер