“Ауғанстанға аттанамыз”. Қара түсті хиджаб киіп, Қазақстан туын жамылғандардың бейнесі тарады

4987
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Әлеуметтік желіде бет-аузын тұмшалап, қара түсті хиджаб пен ниқаб киген қыздардың бейнесі тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олар үстіне Қазақстанның көк туын жамылып, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» әнін қойған. Бейнеде "Таңертең Ауғанстанға аттанамыз" деген жазу бар. Әлеуметтік желіде тараған видеода қыздардың көкке қарап саусақтарын шошайтқанын көруге болады.

Ал оқырмандар үстіне қара жамылып алған қыздарға:

"Қорқынышты ғой",  "Апаларымыз бұлай киінбеген ғой", "Былай киінген қате, дұрыс емес", "Ауғанстанға кетсін", "Араға іріткі салмасын", "Жамылғанның ішінде қару барлары бар шығар", - деп жарыса жазған.

Пікірлер