Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна".
Сайлау 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-Бас ассамблеясы аясында өтті.
Геннадий Головкин 2026–2029 жылдарға арналған ISSA Атқарушы комитетінің құрамына Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде кірді.
Ал қауымдастық президенті қызметіне Сауд Арабиясының спорт министрі, елдің Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып келеді. 2025 жылдың қарашасында ол World Boxing ұйымының президенті болып сайланған.
