Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде жалғасуда. Бүгін біздің Ұлттық құрама сапынан Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды adyrna.kz.
52 келі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Бибосынов жарысты екінші айналымнан бастады. Қарсыласы қырғызстандық боксшы Азат Үсенәлиевпен қолғап түйістірген жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Фото:Данияр Майлыбаев