Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.
"Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", - деді Рахметуллин.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«AMANAT» фракциясы есірткі бизнесіне қатысы бары анықталған құқық қорғаушыларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсынды
Бүгінгі күннің жақсы жаңалығы осы болды. Ананы шетел президенттерімен мемлекет атынан сөйлестіріп қоя бермей, баяғыдан солай ету керек еді.