Индонезияда бір апта ішінде үшінші жанартау атқылады

132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1UpaWml3PXwqESAorrTnUjaBmFZ4f0ODVOHnsnn1.jpg

Бүгін, 7 қыркүйекте Индонезияның Шығыс Ява провинциясында Семеру жанартауы атқылады. Бұл туралы Antara агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жанартаудың атқылауы шамамен 102 секундқа созылған. Мамандардың мәліметінше, күл бұлты шығысқа қарай жылжып барады.

Тұрғындарға жанартаудан 13 шақырым радиуста, әсіресе Бесук Кобокан өзенінің бойында демалудан бас тарту ұсынылды. Ал Семеру кратерінен 5 шақырым қашықтықта болуға тыйым салынған. Бұл қызған тау жыныстарының атқылау қаупіне байланысты.

«Бесук Кобокан, Бесук Банг, Бесук Кембар және Бесук Сат өзендерінің маңында ерекше сақтық таныту қажет. Өйткені бұл өзендер лахарларды (жанартау күлі, пемза және тау жыныстарының бөлшектерінен тұратын лай ағындарын – ред.) тасымалдауы мүмкін», – деп атап өтті ведомство.

Бүгін Индонезияның Джакарта қаласындағы ең ірі Сукарно-Хатта әуежайы Анак-Кракатаудың атқылауынан кейін тараған күлге байланысты жұмысын уақытша тоқтатты.

Ал 1 қыркүйекте Суматра аралында Синабунг жанартауы атқылаған болатын. Сол кезде күл бағаны шамамен 3,5 шақырым биіктікке көтерілген.

Пікірлер