Фото: Egemen Qazaqstan
Шымкент әуежайында Өзбекстанның екі азаматы Түркияға ірі көлемде алтын алып өтпек болған жерінен ұсталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, олар кедендік бақылаудан жасырын түрде жалпы салмағы 2,8 келіге жуық алтын өткізбек болған. Бағалы металдың құны 227,8 миллион теңгеге бағаланады.
Тексеру барысында алтын бұйымдарының бөлшектері шабадандардың түбіне және жүк қаптамаларының ішіне жасырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта алтын сот үкімі шыққанға дейін мемлекет пайдасына тәркіленген. Ал күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланып, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
