Павлодарда кәсіпорындардың бірінен шамамен 25 миллион теңге ұрлау дерегі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысының полициясы хабарлады.
Тергеу барысында ұрлыққа кәсіпорынның күзетшісі қатысы бар екені анықталған.
Полиция қызметкерлері ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапқан. Күдікті ақшаны алма ағашының түбінде тұрған гүл құмырасының ішіне жасырған.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген ақша қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тіркелді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
