Астана – Щучинск тасжолында жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен

185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bXBkRgrl3Z16WdBauNQP10U7Do78i6Eak3Ep76qC.webp

Астана – Щучинск автожолында жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап қалып, жол-көлік оқиғасына себеп болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«ҚазАвтоЖол» дерегінше, оқиға 15 тамыз күні сағат 08:43-те Астана – Щучинск тасжолындағы «Астана» ақылы жол ақысын алу пунктіне жақын жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен. Соның салдарынан көлік басқарудан айырылып, үшінші және төртінші жолақтардың арасындағы жол инфрақұрылымының элементтеріне соғылған. Көлікте жүргізушіден басқа адам болмаған. Ол медициналық көмектен бас тартқан.

Жол-көлік оқиғасына байланысты үшінші және төртінші жолақтардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жол полициясының қызметкерлері оқиға орнына сағат 10:06-да жеткен.

Жол-көлік оқиғасының салдары жойылғаннан кейін, сағат 11:34-те аталған учаскедегі көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығыс салдарынан жол белгісі, бөлгіш жол буфері және бетон блок зақымданған.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды. 

Пікірлер