Ресей мен Беларусь Қазақстан шекарасына жақын жерде Астрахань облысындағы Ашалук полигонында әскери жаттығу өткізбекші, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, олардың мақсаты – құрамалар мен әскери бөлімдердің жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы үйлесімділігін арттыру екен.
Оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді: 9-11 тамыз аралығында - Беларусьте және 22-25 тамыз аралығында - Ашалук полигонында. Оларға әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері қатысады, маневрлер тікелей атыстарды қамтиды.
”Адырна” ұлттық порталы