«Адырна» ұлттық порталының подкастына қоғам қайраткері, композитор, жазушы және тәуелсіздік жолындағы күрескерлердің бірі Хасен Қожа-Ахмет қонақ болды. Подкаст барысында ол өмір жолы, шығармашылығы, саяси қызметі, түрмеде өткізген жылдары, қазақ тарихына қатысты көзқарастары мен бүгінгі қоғамдық-саяси мәселелер туралы кеңінен әңгімеледі.
Хасен Қожа-Ахмет сұхбат басында ауыр еңбекпен айналысып, денсаулығына зиян келтіріп алғанын айтты. Оның сөзінше, өміріндегі барлық қиындықтарға қарамастан, шығармашылық пен музыка оған күш-қуат берген.
«Мені аман сақтап келе жатқан – шығармашылық, музыка», – деді ол.
Сондай-ақ қонақ өзінің әкесі әйгілі әнші Әміре Қашаубаевтың қолында тәрбиеленгенін айтып, балалық шағынан сыр шертті. Ол бастапқы арманы композитор болу екенін, алайда тағдыр оны қоғамдық-саяси күреске алып келгенін жеткізді.
Подкаст соңында қоғам қайраткері қазақ халқына ақ батасын беріп, елдің бірлігі мен тәуелсіздігінің баянды болуына тілектестігін жеткізді.
