Ташиев президент сайлауына қатыса ма?

61
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hlDnpd81CoAHbc9PwrJtAjZCk0WSLEYTTjw6aGqX.jpg

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев 2027 жылы өтетін президент сайлауына қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол соңғы уақытта өзінің алдағы президенттік сайлауға қатысатыны туралы түрлі қауесет тарап жатқанын айтып, осыған байланысты көпшілікке үндеу жасады.

«Мен 2027 жылғы президент сайлауына қатыспаймын. Мұны бұған дейін де бірнеше рет айттым. Бүгін тағы да қайталаймын. Менің ұстанымым өзгерген жоқ және өзгермейді», – деді Ташиев.

Сондай-ақ ол алдағы сайлауда қазіргі президент Садыр Жапаровты толық қолдайтынын жеткізді. Ташиев мемлекетке қызмет етуді мақтан тұтатынын айтып, ел игілігі үшін жұмысын жалғастыра беретінін атап өтті.

Үндеуінің соңында ол азаматтарды өзінің атын пайдаланып жалған ақпарат тарататын адамдарға сенбеуге шақырды. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер қоғамға іріткі салып, ел бірлігін бұзуға бағытталған.

Пікірлер