Ыстықкөлде қазақстандықты катер басып кетті

1855
Adyrna.kz Telegram
Фото: hdpub
Фото: hdpub

Қырғызстанда демалып жүрген қазақстандық азаматты катер басып, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24kg-ға сілтеп.

Бұл туралы Ыстықкөл облысының ІІБ хабарлады. Қайғылы оқиға 15 шілдеде Қараой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында болған.

“Факт тіркеліп, тергеуге дейінгі іс-шаралар басталды. Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған. 16 шілдеде жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Пікірлер