Грузия тұрғындарының бар болғаны 1,39 пайызы ғана орыс тілін ана тілі санайды

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uuSuHTsNRAr79xPAA1dtuyucUbIFX7Sj6WOCA9Di.png

Грузияның 55 мыңға жуық тұрғыны орыс тілін өз ана тілі санайды. Бұл туралы «Sputnik Грузия» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл Грузия халқының небәрі 1,39 пайызын құрайды. 

Басылым 2024 жылы жүргізілген жалпыұлттық халық санағының қорытындыларына сүйенген. Санақ деректеріне сәйкес, Грузия халқының саны 3 929 581 адамды құрап отыр. Оның ішінде ана тілі ретінде орыс тілін көрсеткен 11 128 адам мемлекеттік тіл – грузин тілін мүлде білмейтіні айтылған.

22 918 адам грузин тілін еркін меңгерген, ал 13 088 тұрғын оны ішінара біледі. Ал 7 326 адамның грузин тілін меңгеру деңгейі туралы мәлімет жоқ.

Орыстілді тұрғындардың басым бөлігі Грузияның ірі қалаларында тұрады. Олардың жартысынан астамы Тбилисиде өмір сүреді. Ал грузин тілін білмейтін орыстілді тұрғындар ең көп шоғырланған қала – Батуми. Бұл көрсеткіш бойынша Тбилиси екінші орында тұр.

 

Пікірлер