Тасмағамбетов аппаратының жетекшісі болған журналистке іздеу жарияланды

343
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5dxGPzNFNxCyjRJEvIShLny8lveWT5Odd42XO1Y8.jpg

Қазақстандық журналист Амантай Дандығұловқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы мәлімет құқықтық статистика органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс 2026 жылдың 7 шілдесінде тіркелген. Оған қатысты қылмыстық істі Алматы қаласы полиция департаменті тергеп жатыр.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Дандығұловқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Дандығұловқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. 2026 жылдың 7 шілдесінде ол іздеуге жарияланды, – делінген хабарламада.

Министрлік тергеу мен жедел-іздестіру шараларының мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жарияламады.

Бұған дейін Амантай Дандығұлов Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласының әкімі болған тұста әкімдік аппаратының жетекшісі қызметін атқарған еді. Кейін ол «Новая газета – Казахстан» басылымын да басқарды.

Пікірлер