Астамшылық танытқан әйел неге тек айыппұлмен құтылады, неге сотталмайды ?

179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ngLKyVqTAWJZqSujw9uGz5tm33OhiT7ayZq1RzI6.jpg

Өткенде Мирболат деген жігіт қазақша сөйле дегені үшін 4 жылға сотталып кетті ғой деймін, әйтеуір фб-да солай деп жазып жатты адамдар.

Ал енді мына сатушы қызға орысша сөйле деп астамшылық танытқан әйел неге тек айыппұлмен құтылады? Осыны дұрыстап түсіндіріп беретін адам бар ма? Ол неге сотталмайды 174-баппен? Басынып тұрғаны анық қой, ұлтаралық араздықты қоздырып?

Маған біреудің қайын жұрты, соларды қорғайды, пәлен-түген дегендердің қажеті жоқ, артық комментарий жазбаңыздар, бәрібір өшірем. Заңнан хабары бар адвокат, не құқық қорғау орындарының адамдары комментарий жазса деп сұраймын. Неге екі түрлі жаза қолданылады? Эмоцияға берілмей, байыпты түрде түсіндіріңізші, мархабат. Онсыз да орыс тілі әлемдік тіл, қазақ тілі ауылдың тілі деп кемсітіп жүр, үкімет осынысымен мына жағдайды заңдастырып отырған жоқ па?

Қуаныш Еділхантегі

Пікірлер