Жылдамдықты асырған Түркия көлік министрі айыппұл төледі

992
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8nTwN0Yjdg3zzI74RZ034U6ctbnIx359e52a6nw5.webp

Түркияның көлік министрі Абдулқадир Уралоглу тас жолда сағатына 224 шақырым жылдамдықпен жүрген видеосын әлеуметтік желіде жариялап, ереже бұзғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Көлік министрінің мемлекеттік әнұран әуенімен жылдамдығын сағатына 224 шақырымға жеткізуі әлеуметтік желіде үлкен шу тудырды. Өйткені түрік тас жолдарында рұқсат етілген максималды жылдамдық — сағатына 140 шақырым.

Осыдан кейін Уралоглу тағы бір жазба жариялап, онда ресми түрде айыппұл төлегенін жазған.

«Анкара-Нигде жолының соңғы жағдайын көру үшін рөлге өзім отырдым. Сол сәтте онша мән бермей, аз уақытқа жылдамдықты арттырдым. Видеомен бөлісіп, өзімді өзім әшкереледім. Жылдамдық ережелерін сақтау бәрімізге міндетті. Біздің жол қызметі тарапынан қажетті жазалау шарасы қолданылды. Енді халыққа бұдан былай мұқият болатынымды хабарлаймын» - деп жазды министр.

Пікірлер