Жер сілкінісінен бір адам қаза тапты

245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жер сілкінісі Бейжің уақытымен сағат 17:06-да Хайси моңғол-тибет автономиялық префектурасында тіркелген. Қытай сейсмологтарының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі солтүстік ендіктің 37,80 градусы мен шығыс бойлықтың 95,56 градусында орналасқан, ал ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған. Бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанған.

Оқиғадан кейін Цинхай провинциясының сейсмологиялық бюросы апат аймағына арнайы жұмыс тобын жіберіп, жергілікті билікпен бірлесіп құтқару және зардаптарды бағалау жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, провинциялық төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісіне байланысты II деңгейлі жедел әрекет ету режимін енгізді.

Қазіргі уақытта аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік өкілдері тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын қадағалап отыруға шақырды.

Пікірлер