Астанада Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5Y28v7ngDGopGCY4sp5zOE1R1rhNe1taFxjYWwI7.jpg

Бүгін, 28 мамыр күні Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Пікірлер