АҚШ пен Иран Ормұз бұғазын ашуға келісті — БАҚ

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5qJc88lTw67E6Rvvp9IfktPHePeJwMftsUFchlYr.jpg

АҚШ пен Иран алдын ала жасалған келісім аясында Ормұз бұғазындағы жұмысты 30 күн ішінде толық көлемде қайта қалпына келтіруге уағдаласты. Бұл туралы Washington Post жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін Иран Ормұз бұғазындағы жұмысты бірден қайта бастайды және 30 күн ішінде соғысқа дейінгі деңгейге жеткізу үшін трафиктің қайта қалпына келуін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды», – деп жазды басылым.

Сондай-ақ Washington Post газеті АҚШ пен Иран атысты тоқтату режимін түпкілікті келісімнің нұсқасын пысықтау үшін 60 күнге ұзартуға алдын ала келіскенін хабарлайды.

«АҚШ пен Иран атысты тоқтатуды 60 күнге ұзартатын өзара түсіністік жөніндегі рамалық меморандум әзірледі», – делінген мақалада.

Одан бөлек, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ-тың Иранмен ядролық мәселе бойынша уақытша келісімге келу мүмкіндігі жоғары екенін мәлімдеді.

«Қазір ядролық мәселе бойынша шектеулі мерзімді келіссөздерге қатысу үшін өте жақсы ұсыныс үстелде тұр. Біз оған қол жеткіземіз деп үміттенемін», – деді Рубио Reuters агенттігіне сілтеме жасалған мәліметте.

АҚШ Иранмен дипломатиялық жолмен реттеудің барлық мүмкіндігін қолдануға ниетті екенін де атап өтті.

«Дипломатияға барлық мүмкіндік беріледі, содан кейін ғана балама нұсқаларға жүгінеміз», – деді мемлекеттік хатшы.

Пікірлер