«Сүйкімсіз саясаткер». Депутат Дариға Назарбаева туралы пікір білдірді

289
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YfiZys4BsujVImEkQS9z91ZmzhOIYpRF4VFZMXEJ.jpg

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлеуметтік желілерде Қазақстанның вице-президент лауазымын бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева иеленуі мүмкін деген алаңдаушылықтарға жауап беріп, мұндай болжамға ешқандай негіз жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол парламент кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

«Меніңше, Дариға Нұрсұлтанқызының дәуірі өтті. Ол, ол ма саяси тұрғыда өте сүйкімсіз тұлғаға айналып кеткен саясаткер. Әрине, ешкім оған қоғамдық не саяси іспен айналысуға, қандай да бір партияға мүше болуға тыйым сала алмайды. Ал партиялар оны өз қатарынан көргісі келе ме, келмей ме, бұл енді басқа мәселе. Сондықтан Дариға вице-президент немесе премьер болады деген әңгімеге мүлде иланбаймын. Ел арасынан «Дариға Нұрсұлтанқызы, келіңіз, бізді құтқарыңыз…» деп айтатын адам табылады деп те ойламаймын. Шынымды айтсам, мұндай жағдайдың орына аларына сену қиын», – деді Айдос Сарым.

Оның пікірінше, бұрынғы президенттің үлкен қызының саясатқа қайта оралу ықтималдығы статистикалық тұрғыда «нөлге жақын».

Сондай-ақ депутатқа оның «Халық кеңесіне» мүше бола алу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылған.

«Оған ол не үшін керек? Ол жаман өмір сүріп жүр деп ойлайсыз ба?» – деп депутат риторикалық жауап берді.

Пікірлер