Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Құрама еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс.
Айта кетейік, осы матчқа дейін Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесінде 6-орында тұрған еді. Енді 3-орынға көтерілді. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді.
"Адырна" ұлттық порталы