Cәтқалиевтің сенбісі. "Росатом" басшысымен кездесу

70
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uvTgpGoEu5sRe4mGeo3jBjMZXSeKjLDWqlEeUfzv.webp

Мәскеуде Қазақстанның Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев атом саласындағы ынтымақтастықты және Қазақстандағы «Балқаш» атом электр станциясын салу жобасын талқылады. Бұл туралы агенттік баспасөз қызметі и әлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Тараптар атом саласын дамытудағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қарастырды, соның ішінде «Балқаш» АЭС жобасын іске асыру да бар.

Агенттік мәліметінше, кездесуде атом саласына мамандар даярлау, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ қазақстандық компанияларды атом жобаларына тарту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

«Біз осы станцияны салу кезінде жергіліктендіру және қазақстандық компанияларды тарту, кадр даярлау мәселелерін, сондай-ақ жалпы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты талқыладық. Барлық бағыт бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізілді. Екі елдің мүддесіне және стратегиялық серіктестік сипатына толық сай келетін негізгі тәсілдер қалыптастырылды», - деді Сәтқалиев.

Келіссөз қорытындысы бойынша Лихачев «Балқаш» АЭС жобасын сәтті жүзеге асыру үшін жан-жақты алдын ала дайындық қажет екенін атап өтті. Оның ішінде таңдалған аумақты инженерлік зерттеу және табиғи-климаттық жағдайларды бағалау бар.

«Өндірістік бағдарлама іс жүзінде орындалуда, алайда алаң бойынша кемінде бір жыл бақылау қажет. Соның негізінде барлық қажетті есептер дайындалып, жоба нақты осы жердің табиғи, геологиялық және ауа райы жағдайларына сай жүзеге асырылады», - деді «Росатом» басшысы.

Ол сондай-ақ «Балқаш» АЭС жобасы таңдалған аумақтың ерекшеліктерін ескере отырып және Ресейдің атом энергетикасындағы технологиялық шешімдер негізінде жасалатынын айтты.

Тараптар бейбіт атом технологияларын пайдалану саласындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Пікірлер