Трамп терроризмге қарсы операция нәтижесін мәлімдеді

110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp

Дональд Трамп Нигерияда жүргізілген арнайы операция барысында ДАИШ террористік ұйымының жоғары лауазымды командирлерінің бірі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы АҚШ президенті әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Трамптың айтуынша, операция АҚШ әскери күштері мен Нигерия қарулы Күштерінің бірлескен қатысуымен жүзеге асқан. Нысана ретінде ДАИШ-тың жаһандық құрылымындағы екінші тұлға аталған Абу-Билал әл-Минуки көзделген. АҚШ президенті арнайы операцияның мұқият жоспарланғанын атап өтіп, оның нәтижесінде Африкадағы террористік әрекеттерге елеулі соққы жасалғанын мәлімдеді.

«Ол енді Африка халықтарын қорқытып, америкалықтарға қарсы шабуылдарды жоспарлай алмайды. Оның жойылуымен ДАИШ-тың жаһандық қызметі айтарлықтай әлсіреді», — деп жазды Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті операцияға қолдау көрсеткен Нигерия үкіметіне алғыс білдірді.

Пікірлер