Марапат өлкесі. 3 жаңа орден Мәжілістен Сенатқа кетті

205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oVGH03LnhIhiuk8uGCivtYHmMmHN6maCiLYt0nNV.webp

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Заң аясында «AL-FARABI», «QOJA AHMET YASAUI» және «Мейірім» ордендерін тағайындау, сондай-ақ ордендермен және медальдармен марапаттау тәртібін өзгерту жөніндегі нормалар қарастырылған.

«Мейірім» ордені меценаттық және филантропиялық қызметі, сондай-ақ қайырымдылық саласына қосқан елеулі үлесі үшін табысталады. «QOJA AHMET YASAUI» танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне берілсе, «AL-FARABI» ордені білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында жетістікке жеткен азаматтарға арналған.

Заң жобасы енді Сенаттың қарауына жіберілді.

Наурыз айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын уақытта «QOJA AHMET YASAUI» орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген болатын. Ал сәуірде мемлекет басшысы «AL-FARABI» орденін тағайындауды да ұсынған.

Айта кетейік, ордендер алғаш рет биыл Республика күні қарсаңында табысталмақ.

Пікірлер