Өскеменде қатты желден электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы көз жұмды

2498
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі
Фото: Қазақстан теміржолының баспасөз қызметі

Өскемен қаласында қатты желден электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы көз жұмды. Бұл туралы ведомство өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 17 шілде күні Чернов көшесінде болған. Қатты желден электр сымы үзіліп кеткен. Алдын ала дерек бойынша, 74 жастағы ер адам мен 49 жастағы ұлы сымдарды қозғамақ болған кезде тоқ соғып, екеуі де сол жерде көз жұмған. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер