Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
"Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде 9 мамырда Мәскеу қаласында өтетін Жеңіс парады қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда ұйымдастырылатынын және Қызыл алаңдағы әскери шеруге келетін қонақтар тізімінде Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жоқ екенін хабарланған еді.
