Қазақ жігіті Лондонның беделді аудандарының біріне мэр болып сайланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pXFrextRZ49DlWEAZ8HdowHcLMeCDJQmNKCugI38.webp

фото: instagram.com/sanabishev

Лондонның белгілі аудандарының бірі Сент-Джеймс (St. James’s) басшылығына қазақ жігіті Санжар Әбішев келді. Ұлыбританияның Консервативтік партиясының атынан түскен қандасымыз сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна".

Сайлау қорытындысы бойынша, Санжар Әбішев 2,3 мың дауыстың ішінен өз қарсыласынан 350 дауыс артық жинап, басып озды. Бұл туралы танымал қазақстандық бизнесмен, Kusto Group негізін қалаушылардың бірі Қанат Көпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

«Британдық элита арасында ешқандай таныс-тамырсыз, тек білімі, тәртібі және көпжылдық еңбегі арқылы Лондонның мәртебелі ауданының мэрі атанды. Бұл оның үлкен жолының басы ғана екеніне сенімдімін», – деп атап өтті Қанат Көпбаев.

Айта кетсек, Санжар Әбішев – кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы. Ол мектеп жасынан бастап Ұлыбританияда тұрып, білім алған. Санжар беделді Malvern College колледжі мен университетті тәмамдаған. 2016 жылдан бастап ірі брендтермен жұмыс істейтін Blue Swallow Group маркетингтік агенттігін басқарады.

2015 жылы әлеуметтік жобаларды қолдайтын жеке қайырымдылық қорын құрған. Саяси аренаға 2022 жылдан бастап белсенді араласа бастады. 2024 жылы Сент-Джеймс округі бойынша Консервативтік партияның төрағасы болып сайланған.

 

Пікірлер