Трамп Украинаның әскери тұрғыдан жеңіліс тапқанын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BQULGD2pvrftR8r9waIezl1dHjByarEnHu7oE3Jl.jpg

Ресей Украинаға әскери тұрғыдан соққы берді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд ТрампРесей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Меніңше, әскери жағынан Украина жеңіліс тапты. Мұны жалған жаңалықтарды оқып отырып байқамайсыз», – деді америкалық көшбасшы.

Трамптың сөзінше, Украинада болған 159 кеменің барлығы суға батқан, ал әскери ұшақтар атып түсірілген.

Сонымен қатар ол Украинадағы және Иранмен байланысты қақтығыстар шамамен бір уақытта аяқталуы мүмкін деген пікір білдірді.

Айта кетейік, 29 сәуірде Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптелефон арқылы сөйлескенін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлаған еді. Трамп Украинадағы әскери қимылдарды тез арада тоқтатуға шақырып, Вашингтонның бұған ықпал етуге дайын екенін мәлімдеді. Ушаковтың айтуынша, АҚШ өкілдері Мәскеу және Киевпен диалогты жалғастырады.

Пікірлер