Алматыда 26 сәуір күні «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарындағы пәтерлерде өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын бірнеше тұрғын үйді шарпыған. Қазір оқиға орнында өрт сөндіру бригадалары жұмыс істеп, тілсіз жауды сөндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Өрттің шығу себептері әзірге нақтыланып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Құтқару қызметтері жұмысын жалғастыруда, оқиғаның мән-жайы туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.
Ұқсас жаңалықтар
