Өткенге оралу ма? Путин оқу орнына қызыл чекистің атын қайтарды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WAl5x4ryfs8guDrczrjsCnLXgZLA2AfwVvUR5Am4.webp

Фото: Reuters

Ресей президенті Владимир Путин Федералдық қауіпсіздік қызметі академиясына Феликс Дзержинскийдің құрметті атын беру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Ресей Федерациясының Федералдық мемлекеттік қазыналық жоғары білім беру мекемесі «Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясына» құрметті Дзержинский аты берілсін”, — деп жазылған жарлық мәтінінде.

Бұл шешім академияның қызметкерлерінің жетістіктері мен Феликс Дзержинскийдің мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы маңызды үлесі ескеріле отырып қабылданған делінеді.

Сондай-ақ, аталған шешім Кеңес Одағы дәстүріне оралу болып саналады, себебі оқу орны 1962 жылдан 1992 жылға дейін Феликс Дзержинскийдің атын иеленіп, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебі деп аталған. Кеңес Одағының ыдырауынан кейін бұл атау жойылған. 

Айта кетейік, Феликс Дзержинский (1877–1926) — революционер, 1917 жылы большевиктер саяси қарсыластарымен күресу үшін құрған Бүкілресейлік төтенше комиссиясы қауіпсіздік органын басқарған тұлға. Тарихшылар оны Ресейдегі Азамат соғысы (1917—1922) кезінде большевиктердің жүргізген «қызыл террор» жазалау шараларының басты архитекторларының бірі деп санайды.

Пікірлер