Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6XTyduGUV0luTb8pgXBaMuOQxKKKsTXIueQmoZoN.webp

Белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хатты әлеужеліге Uzhdan жобасының жетекшісі Назерке Шәкірбай жүктеген. Ол ақын хәл үстінде жатқанда жары Ханшайым Шаханованың президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдағанын айтты.

«Мұхтар Шаханов – тек ақын ғана емес, ол ұлттық намыстың символы, қазақ руханиятының асқар шыңы, саналы ғұмырын елінің азаттығы мен ана тілінің мәртебесіне арнаған ірі тұлға. Осындай сын сағатта ақынның ең соңғы әрі маңызды аманаты — өзінің мәңгілік тыныс табатын жері ретінде ата-бабаларымыздың киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену»,– делінген хатта.

Ханшайым Шаханова бұл бастаманың тек отбасының ғана емес, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдерінің ортақ тілегі екенін атап өтті. Одан бөлек, аталған нысанның республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш екенін толық түсінетінін айтып, жерлеу және мүмкін болатын мемориалдық белгі орнату жұмыстары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес жүргізілетініне кепілдік беретінін жеткізді.

Еске салайық, халық жазушысы Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Пікірлер