Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумы аясындағы панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс-орталығына келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа Гордана Силяновска-Давкова және Ираклий Кобахидзе қатысуда.
Пікірталасты Мевлют Чавушоглу жүргізеді. Ол Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі әрі бұрынғы сыртқы істер министрі.
Айта кетейік, 17 сәуірде Режеп Тайып Ердоған шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылуына қатысып, панельдік сессияда сөз сөйлейді. Сонымен қатар, бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
