Әлеуметтік желіде Қостанайда блогердің қатысуымен болған төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Кейін олардың кездесуі төбелеске ұласқан. Оқиғаға блогердің туыстары да қатысқаны байқалады.
Айта кетейік, блогер бұған дейін аутизм және онкологиялық аурулары бар балалардың аналарына қатысты пікірлері үшін жауапкершілікке тартылған.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Ұқсас жаңалықтар
