Қазақстан құрамасының жаңа тізімі. Желіде футболшы Қашкеннің шақырылуына қатысты дау туды

1336
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pBiCD6Hkpm3BHDukk1F1MNXid1AgFgf6dObTxRfP.jpg

Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойындарға арналған құрама тізімін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жолы команда сапында «Жетісу» клубының қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен алғаш рет шақырту алды.

Алайда бұл шешім желі жұртының арасында дау тудырды. Желіде оның ұлттық құрама сапының шақыртуын "сатып алғаны" туралы да түрлі пікір тарады.

«Құрамаға блогердің күйеуін шақырыпты. Командасы турнир кестесінің соңында, өзі бес сары қағаз алған. Мұндай қорғаушыға орын беру дұрыс па?» — деп жазды бір қолданушы Threads желісінде.

Инстаграм желісінде де:

"Әкесінің ақшасымен сатып алған ба?", "Мықты спортшыларымыз қайда?", "Қайратқа қарсы ойынын көрдік қой, 0:5 болып жеңілді" деп түрлі пікір қалдырған.

Футболшы Димаш Қашкен әлеуметтік желіде блогер Мерей Әбілдің күйеуі ретінде кеңінен танылған. Ол өткен маусымда бірінші лигада өнер көрсететін «Хан-Тәңірі» сапында ойнаған, ал биыл талдықорғандық «Жетісу» құрамында 12 матч өткізіп, бір гол соғып, төрт сары және бір қызыл қағаз алған.

Ол қазақстандық футбол құрамасынан бөлек, Литваның «Жальгирис» клубтарында ойнады.

Пікірлер